
Рақымшылықты жүзеге асыру мерзімі – 6 ай.
Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына байланысты 15,1 мыңнан астам адамға амнистия жарияланады. Тиісті заңды Сенат мақұлдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құжатта әлеуметтік жағынан осал азаматтарға рақымшылық қолдану тәртібі нақты белгіленген.
Рақымшылыққа ілігетіндер қатарында:
- соғыс және еңбек ардагерлері,
- қылмыс жасаған кезінде 18 жасқа толмағандар,
- заң күшіне енген күні жүкті әйелдер,
- І және ІІ топтағы мүгедектігі бар тұлғалар және басқа да санаттағы азаматтар бар.
Бұған қоса, ауырлығы орташа қылмыс жасаған, жазасының аяқталуына бір жылдан аспайтын мерзімі қалған және теріс мінез-құлқы жоқ сотталғандар негізгі жазадан босатылады
Ұқсас жаңалықтар
Заң
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта ұйымдастырылады
- авторМағжан Орынбасар
- 30 маусым, 2025