Өскемен қаласында аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегі анықталып, жолы кесілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Арнайы операция облыс прокуратурасымен бірлесіп жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында жүзеге асырылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы қала тұрғыны анықталды.
- Тінту кезінде күдіктінің гаражынан есірткі сақталған қойма табылды. Онда өсімдік тектес зат салынған екі қорап, көлемі 120 литр болатын жартылай толтырылған алты пластик бөшке, сондай-ақ қалдықтары бар үш бөшке және буып-түюге арналған материалдар тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 93 келіден асатын кептірілген марихуана екені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген ақпаратта.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі құралдарының заңсыз айналымы — оларды сақтау, тасымалдау немесе өткізу — мүлкі тәркілене отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар
Терроризм туралы жалған хабарлама үшін қандай жаза қарастырылған
- авторМағжан Орынбасар
- 20 сәуір, 2026






