сенбі, 23 қараша, 2024 4:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде 429 млн. теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде 429 млн. теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде 429 млн. теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді

Мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алу саласын егжей-тегжейлі талдауы басты бағыттардың қатарына қосқан. Мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің бірі болып қалуда. Бұл мәселенің маңыздылығы сөзсіз. Оны жою тек бюджет қаражатын үнемдеу ғана емес, шағын және орта бизнесті дамыту, көлеңкелі экономикамен күрес сияқты маңызды стратегиялық міндеттерді іске асыруға, ең бастысы – азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға үлкен үлесін тигізеді. Мемлекеттік сатып алу системасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен күрестің жаңа форматы қолдануда, ол «Біріңғай сатып алу терезесі» - «Единое окно закупок» веб порталын зерделеп орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорық тәуекелдерін мемлекеттік сатып алуды жоспарлау сатысында анықтап, оны жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда елімізде және әлемде орын алған індетке байланысты көптеген іс-шаралардың өткізілуіне қатаң тиым салынған. Алайда мониторинг барысында мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алулардың жылдың жоспарында көптеген іс-шаралар алынбағанын көрсетті. Осылайша, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментімен бүгінгі күнге тек қана жоспарланған іс-шаралардан (мәдениет, спорт) 130 млн.-ға жуық бюджет қаражаты үнемделген. Мысалы келтіретін болсақ Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасымен қыркүйек, қазан, қараша айларына 7 млн. теңгеден аса бюджет қаражатына іс-шаралар өткізуді жоспарланған. Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жоспарлаған іс-шаралардан 67 млн. теңге Департаменттің араласуынан кейін үнемделген. Жамбыл облысы әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» мекемесі 11 млн. теңгеден астам қаражатқа жоспарланған іс-шаралар үнемделген. Мемлекеттік сатып алуларға мониторинг Департамент тарапынан күнделікі жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Департаментпен жалпы 429 195 297 теңге бюжет қаражы үнемделді.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар