Заң
Таразда бірнеше мәрте автокөліктерден ұялы телефон ұрлаған ер адам ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 26 тамыз, 2020
- 249
Таразда бірнеше мәрте автокөліктерден ұялы телефон ұрлаған ер адам ұсталды
Таразда тұрақтағы автокөліктерден бірнеше мәрте ұялы телефон ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
22 тамыз күні полиция қызметкерлері Тараз қаласы тұрғындарының автокөліктерінен бірнеше мәрте ұялы телефон ұрлаған 28 жастағы Жаңатас қаласының тұрғынын ұстады.
Сонымен, сотқа дейінгі тергеу барысында, бірнеше күннің ішінде азаматтардың жеке заттарына тиісті көңіл бөлмеуі салдарынан қаскүнем облыс орталығындағы базарлардың бірінде тұрақта тұрған түрлі автокөліктерден төрт ұялы телефонды ұрлап кеткені анықталды.
Ұрлық автокөлік иелерінің өз заттарына мұқият болмай, қырағылығын жоғалтып, телефондарын көліктерінің орындықтарында немесе панельдерінде қалдырған кезде ашық әйнек арқылы жасалған.
ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Тараз қаласының УҰИ-ға қамаққа алынды.
Күдіктінің әрекетінен зардап шеккен басқа тұлғаларды анықтау мақсатында бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Жамбыл облысының полициясы азаматтардан өз мүлкіне қатысты мұқият болуды және қырағылық танытуды сұрайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала