Заң
Таразда пиротехникалық тауарларды заңсыз сатушылар анықталып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2020
- 261
Таразда пиротехникалық тауарларды заңсыз сатушылар анықталып жатыр
Тараздық полицейлер тұрғындарға пиротехникалық бұйымдарды заңсыз өткізгендер жауапқа тартылатынын ескертеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тараз қаласында пиротехникалық бұйымдарды сақтау және сатумен айналысқан тұрғындарды анықтау мақсатында рейд өтуде. Оған Тараз қалалық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімі азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері қатысуда. Тараз қаласы аумағында мереке және жаңа жылдық мейрам күндері қарсаңында азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелу, сақтау, сату және пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында 2020 жылдың желтоқсан айының 15-інен бастап рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Ол 2021 жылдың қаңтар айының 7-сіне дейін жалғасады. Тараз қаласының қала тұрғындары мен қонақтары пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелу, сақтау, сату және пайдалану техникалық тәртіп талаптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы ӘКБтК-нің 415, 436, 483, 196-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады»,-делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
inform.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала