сәрсенбі, 15 қаңтар, 2025 15:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Татуластыру рәсімдерін қолданудың артықшылығы көп

Татуластыру рәсімдерін қолданудың артықшылығы көп
Коллаж: Jambylinfo.kz.
Қазақстанда татуластыру рәсімдерін қолдану саласы кеңейіп келеді

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен тараптарды татуластыру рәсімдеріне арналған шараларды және процестің барлық сатыларында дауды реттеуге соттың жәрдемдесуін көздейтін тұтас тарау арналған. Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы  Ержан Қалымханов татуластыру рәсімдерін қолдануда қандай мәселелер жиі кездесетінін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   

Ержан Қалымхановтың айтуынша, татуласу сотқа дейін де, іс сот сатыларында қаралған кезде де даудың ең тиімді шешім болмақ.

"Ел іші даусыз болмас» дейді халық мақалы. Дау-жанжалдарды шешу мен реттеудің тиімді әдістерін қолдану әлемде өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі. Тараптар үшін дауды бітіммен аяқтаудың тиімділігіне адамның жүйесі тозбайтынын, теріс эмоцияға берілмейтінін және денсаулығына нұқсан келмейтінін атауға болады",- дейді судья

Тараптардың бітімге келу келуге қызығушылық танытуына мына негізгі себептерді жатқызуға болады:

1) жауапкер өзінің қарыздары бар екендігін біледі, бітімге келіп, талап қоюшымен сотқа төленген мемлекеттік бажды төлеуден босатылуын қалайды;

2) екі жаққа да қолайлы нұсқада соттың актісі қабылданады (мысалы, қарызды бөліп төлеу;

3) келісімді бекіту туралы ұйғарым тиісті түрде  орындалмаған жағдайда талап қоюшының өтініші негізінде соттың атқару парағы беріледі.

"Дауларды татуласу жолымен шешу - сот жүйесіне сенім деңгейін арттыру, адам құқықтарын жан-жақты қамтамасыз ету, азаматтық қоғамды және құқықтық демократиялық мемлекеттің негіздерін нығайтуына өз үлестеріңізді қосуға шақырамын", - дейді облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы  Ерлан Қалымханов.

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар