Жол құрылысын жүргізген мердігерден пара алған шенеуніктер сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- 31 наурыз, 2025
- 821
Сот актісімен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі орынбасарының және ТҮКШ бөлімі басшысының жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жергілікті кәсіпкерден 10 000 000 теңге пара алғаны анықталды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Прокуратура дерегіне сүйенсек, атқамінерлер бұлтартпас дәлелдер болса да, жауапқа тартылған үш адам өз кінәларын мойындамай, жасаған істеріне өкінбеген. Алайда, мемлекеттік айыптау пара беру және алу фактілерін даусыз дәлелдепті.
- Петропавл қалалық соты прокуратураның ұстанымымен келісіп, кінәлі тұлғалар барлығы 3 жыл 6 айдан бастап 7 жыл 6 айға дейін нақты түрде бас бостандығынан айыруға сотталған, оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымда болуға тыйым салынған,- делінген хабарламада.
Сотталғандар жазаларын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде өтейді.
2025 жылғы 14 ақпанда соттың үкімі заңды күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда есірткі тасымалдаумен айналысқан күдікті қолға түсті
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 наурыз, 2026
Түркістанда тұрмыстық қалдық тарифтері заңсыз есептелгені анықталды
- авторМағжан Орынбасар
- 16 наурыз, 2026






