жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 шілдеден бастап Гродеково ауылындағы ХҚКО бөлімшесі жұмысын тоқтатады

1 шілдеден бастап Гродеково ауылындағы ХҚКО бөлімшесі жұмысын тоқтатады
Фото - ашық дереккөз
Тараз қаласында 3 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Жамбыл облысы бойынша филиалының хабарлауынша, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Гродеково ауылы, Мира көшесі, 88Б мекенжайында орналасқан Жамбыл аудандық бөлімінің халыққа қызмет көрсету бөлімшесі жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін азаматтарға Абай даңғылы, 232 мекенжайында орналасқан Тараз қалалық «Жібек жолы» ауданының №2 ХҚКО-ға жүгіну ұсынылады.

«Мемлекеттік корпорация фронт-офистердің жұмысын талдау нәтижесінде аталған бөлімшеге түсетін жүктеменің азайғаны және жүгінушілер санының төмендегені анықталды. Бұл азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу үшін қалалық бөлімдерге жиі жүгінуімен байланысты. Аталған жағдайлар бөлімшенің жабылуына негіз болды», – деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Батырхан Тоқтағұл.

Естеріңізге сала кетейік, сондай-ақ Тараз қаласында 3 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді: Әулиеата аудандық №1 ХҚКО– Төле би көшесі, 89 Г; Әулиеата аудандық №2 ХҚКО– Рысбек батыр көшесі, 14а; Жібек жолы аудандық №1 ХҚКО – Алатау шағын ауданы, 16 А.  Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Әулиеата ауданының №1 халыққа қызмет көрсету орталығы кезекшілік кестесіне сәйкес жұмыс істейді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.

Бұдан бөлек, қалада 2 мамандандырылған ХҚКО бар: №1 мамандандырылған ХҚКО – Төле би көшесі, 198А; №2 мамандандырылған ХҚКО – Қойгелді көшесі, 158А. Екі мамандандырылған орталық та кезекшілік кестесіне сәйкес жұмыс істейді: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар