18 жасар тараздықтан тапанша табылды
Тараз қалалық Полиция басқармасының 102 пультіне қала тұрғынынан көңіл көтеру орындарының бірінің ауласында қарудың атылған даусы шыққандығы жайлы хабарлама түскен. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тез арада аталған оқиға орнына жетіп, Жамбыл облысы Қаратау қаласының 18 жастағы тұрғынын травматикалық тапаншамен ұстаған. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оның айтуынша, тапаншаны тек ойын үшін, қорқыту мақсатында аспанға атқан. Әлеуметтік желідегі дүкендердің бірінен ойыншық патрондарымен бірге сатып алған, ал құжаттарын үйінде қалдырып кеткен.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала