сейсенбі, 16 шілде, 2024 21:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"340 дана сертификатсыз пиротехникалық бұйымдар тәркіленді"-Полиция департаменті

"340 дана сертификатсыз пиротехникалық бұйымдар тәркіленді"-Полиция департаменті
ашық дереккөзі
"340 дана сертификатсыз пиротехникалық бұйымдар тәркіленді"-Полиция департаменті
Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан 2024 жылдың 3 қаңтарына дейін Жамбыл облысының аумағында азаматтық пиротехникалық бұйымдарды жаңа жылдық күндерде заңсыз сату және пайдалану деректерiн анықтау, жолын кесу мақсатында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталмыш іс-шараға 385 полиция қызметкерi жұмылдырылып, 65 жұмыс тобы құрылды. Iс-шара барысында полиция қызметкерлерімен сәйкестілік сертификаты жоқ пиротехникалық бұйымдарды жаппай сату, сондай-ақ рұқсат құжаттарынсыз сатылатын деректердi анықтау және оның жолын кесуге бағытталған 106 рейдтік іс-шара жүргізілдi. -Жедел-профилактикалық іс-шара басталғалы берi облыс аумағында ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) бойынша 22 дерек анықталды. Сондай-ақ, 340 дана сертификатсыз пиротехникалық бұйымдар тәркіленді. Аталған бағыттағы жедел-алдын алу жұмыстары жалғасын табатын болады, - деді Жамбыл облысы ПД Әкiмшiлiк полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жайдарбек Құттыбаев. Жамбыл облысы Полиция департаменті жаңа жылдық мереке күндері ҚР заңнамасының бұзылуына жол бермеу, сондай - ақ балалар жарақаттануының алдын алу не кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді болдырмау мақсатында, лицензияланған пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, ата-аналардың, ересек тұлғалардың мұқият бақылауымен ғана пайдалануға шақырады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар