Жамбыл жаңалықтар
50 мыңға жуық жамбылдық жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады
- авторjambylinfo.kz
- 14 маусым, 2022
- 133
50 мыңға жуық жамбылдық жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады
50 мыңға жуық жамбылдық жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте халықпен кері байланысты нығайту, жұмыспен қамту, «Мейірім» жобасын жүзеге асыруға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.
Облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмұхаммед Ниязбеков әлеуметтік желіде көтерілген өзекті мәселелер туралы хабарласа, баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы мемлекеттік органдардың ресми сайттарының ақпарат-жаңалықтармен қамтылу деңгейіне жасалған талдау қорытындысын баяндады. Жамбыл облыстық «Бірыңғай диспетчерлік қызметінің» басшысы Бақкелді Тұрсынбек тұрғындардың өтініштеріне жауап беру барысы туралы айтты.
Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов көтерілген әрбір мәселе бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
- «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – қоғам мен билік арасындағы диалогтың, өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың негізі. Әр апта сайын біз мемлекеттік органдардың халықпен кері байланысын нығайту мәселелерін қарастырудамыз. Бірақ әлі күнге дейін жұмысты жүйелей алмай отырған аудандар мен басқармалар бар. «Жұмыс жасаймыз, қолға аламыз...» деген сылтаулар қабылданбайды. Құрғақ уәдемен емес, іспен көрсетіңіздер, - деді облыс әкімі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Белгілі сатирик Толымбек Әлімбекұлымен бенефис өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 6 қараша, 2024