сейсенбі, 6 қаңтар, 2026 8:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

№58 мекемеде Жаңа жыл мерекесіне орай спорттық-мерекелік шара өтті

№58 мекемеде Жаңа жыл мерекесіне орай спорттық-мерекелік шара өтті
Фото - ашық дереккөз
Мерекелік бағдарламаның негізгі бөлігінде жазасын өтеушілер кіші футболдан өзара бақ сынасып, тартысты ойын көрсетті

Жаңа жыл мерекесіне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтар арасында спорттық-мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шара барысында мекеме бастығы, әділет подполковнигі Р.Н. Жапаров сотталған азаматтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға жылы лебізін білдірді.

Мерекелік бағдарламаның негізгі бөлігінде жазасын өтеушілер кіші футболдан өзара бақ сынасып, тартысты ойын көрсетті. Сайысқа қатысушылар белсенділік танытып, командалық рух пен спорттық шеберлікті паш етті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мекеме бастығының мақтау қағаздарымен және мадақтау қаулысымен марапатталды.

— Аталған спорттық шараның басты мақсаты – арнайы контингентке мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың қоғаммен байланысын нығайту және патриоттық рухты қалыптастыру,-деді №58 мекемесінің САТжӘПЖЖ бөлімінің бастығы, әділет майоры Е.Н. Набатов.

Сонымен қатар, мерекеге орай мекеме асханасында арнайы дайындалған мерекелік ас мәзірі сотталған азаматтарға ұсынылды.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар