жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда түзеу мекемесінің қызметкерлеріне Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған фильм көрсетілді

Таразда түзеу мекемесінің қызметкерлеріне Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған фильм көрсетілді
Фото - ашық дереккөз
Шынайы оқиғаға негізделген бұл туынды 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында болған қайғылы оқиғаны бейнелейді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 түзеу мекемесінің қызметкерлеріне полицей-қаһарман Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған «Капитан Байтасов» көркем фильмі көрсетілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шынайы оқиғаға негізделген бұл туынды 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында болған қайғылы оқиғаны бейнелейді. Сол күні полиция капитаны Ғазиз Байтасов өз өмірін құрбан етіп, лаңкесті тоқтатып, бейбіт тұрғындарды ажалдан арашалап қалған еді.
Батырдың ерлігі – отансүйгіштік пен азаматтық борыштың айқын көрінісі. Ел жадында мәңгі сақталған бұл ерлігі үшін Ғазиз Байтасовқа «Халық қаһарманы» атағы берілген. Ол ішкі істер органдарында жиырма жылға жуық қызмет етіп, адал еңбегімен ерекшеленді.
Драма мен экшн жанрларын үйлестірген «Капитан Байтасов» фильмі көрерменге терең ой мен рухани әсер сыйлады. Туынды ерлік пен адамгершіліктің шынайы бейнесін көрсетіп, елге қызмет етудің асқақ үлгісін паш етеді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар