Жамбыл жаңалықтар
9 айда 4 мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды
- авторjambylinfo.kz
- 6 қараша, 2020
- 197
9 айда 4 мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды
Мемлекеттік еңбек инспекторлары прокуратура органымен бірлесіп, ұзын-саны 16 кәсіпорынды тексерген. Нәтижесінде 419 млн. теңге берешектері бары анықталып, қазір барлығы қарыздарынан құтылған. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Досаев Қайрат Әскербекұлы ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифинг барысында баяндады.
Сондай-ақ, Жамбылда еңбек құқықтарының бұзылуына байланысты биылғы жылдың 1 тоқсанында 658 өтініш түскен. Оның ішінде 400-і жеке, 258-і заңды тұлғалардан.
Ал, 3 тоқсанында облыс ұйымдары мен кәсіпорындарында 70 тексерулер жүргізілді. Қорытындысында заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты 32 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Оларға 5 млн. теңгеден асатын соммада әкімшілік айыппұл салынған. Оның 4 млн. теңгесі өндіріліпті. 28 өндірістік жазатайым оқиға орын алып, 34 адам зардап шеккен. Оның ішінде 4 адам шығыны болып, 10 адам ауыр дәрежеде жарақат алған.
Жұмыс барысында жазатайым оқиғалар жиілеп барады ма? Жұмыскерлер жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген бе? Олардың құқықтары қаншалықты қорғалған?
Міне, осы мәселелер бойынша тиісті басқарма тоқсан сайын 45 кәсіпорынға барып, еңбек мәселелеріне қатысты мониторинг жүргізілмек.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала