жұма, 27 желтоқсан, 2024 8:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақыртастан Айша бибіге дейін...

Ақыртастан Айша бибіге дейін...
ашық дереккөзі
Ақыртастан Айша бибіге дейін...

Туризм – қашанда табыс  көзі. Облысымыздың тарихи жерлеріне туристер ағылып жатса бұл өңір экономикасы үшін барлық жағынан тиімді екені белгілі. Ал, Жамбыл облысында қонақтарға ұялмай көрсететін тарихи жерлер аз емес. Бұл мәселеге «Қазақтуризм»  Ұлттық компаниясы да арнайы көңіл бөліп келеді.

Осы аптада «Қазақтуризм» Ұлттық компаниясы ұйымдастырған «Керуен» экспедициясы өңіріміздегі саяхаттарын Т.Рысқұлов ауданындағы «Ақыртас» тарихи кешенінен бастап, сәрсенбі күні Таразға табан тіреді. Тарихи  Жібек жолы бойымен жүріп келе жатқан экспедиция туристік нүктелерді белгілеуді, барша туристер үшін маңызды жобаларды назарға алуды көздейді. Тараз туристік ақпаратық орталығының жетекшісі Бауыржан Мөрбековтің айтуынша мұндай саяхаттар өңір туризмі үшін тиімді, көне тарихымызды насихаттауға таптырмайтын мүмкіндік.

Тараздықтар «Қазақтуризм» Ұлттық компаниясы туристік өнімдерді дамыту департаментінің директоры Даниель Сержанұлы бастап келген «Керуен» экспедициясын «Көне Тараз» этно - мәдени кешенінде қарсы алды. Экспедиция өкілдері «Сағат» стелласын, «Қолөнер және туризм» орталығын аралап, біраз қызықты мәліметтерден хабардар болды.

– Сапарымыз Алматы облысынан басталған. Жаркенттен Жамбыл облысына бет алып, алдымен «Ақыртас» кешенінде болдық. Одан «Көне Тараз» этно-мәдени кешеніне келдік. Жаңадан бой көтерген бұл кешеннің құрылыстары, ғимараттардың орналасуы, олардың маңыздылығы бізге қатты ұнады. Біз қолайлы туристік нүктелерді белгілеп жүрміз. Сол туристік нүктелерді дамыту бойынша жергілікті әкімдермен келіссөздер жүргізілетін болады. Жамбыл облысынан әзірге төрт түристік нүктені белгілеуді назарға алып отырмыз. Қайтар сапарымызда Меркі, Т.Рысқұлов аудандарындағы тарихи және туристік орындарға көңіл аударып отырмыз. Қазіргі карантиндік талаптарға байланысты экспедиция құрамы үлкен емес. Негізінен үздік блогерлер, фотографтар, туристік операторлар бар. Біз бұл сапарымыздағы маңызды мәселелерді, көңілімізге түйген ерекше құндылықтарды әлеуметтік желілерге салып, жарнамалайтын боламыз, – дейді Даниель Сержанұлы.

  Есет ДОСАЛЫ
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар