бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024 20:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АЭС еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етеді – Депутат

АЭС еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етеді – Депутат
Депутаттың жеке парақшасынан
Президент 2-қыркүйек күні Жолдау жариялады

Қордай аудандық мәслихат депутаты Гахарбек Мамбеталиев атом энергетикасы еліміхдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға ықпал ететінін айтты, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz
Депутаттың сөзінше, АЭС технологиялық және тұрақты даму саласында көшбасшы болуға ұмтылатын ел үшін маңызды қадам.

-    Қазақстан экологиялық таза болашаққа бет бұруда және атом энергетикасы бұл процесте шешуші рөл атқарады. Атом электр станцияларының құрылысы елге қоршаған ортаны ластамайтын қауіпсіз және сенімді энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. АЭС қалдықтардың ең аз мөлшерін шығарады, көмірқышқыл газын шығармайды және тұрақты энергиямен қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істей алады. Бұл таза технологиялар мен тұрақты даму саласында көшбасшы болуға ұмтылатын ел үшін маңызды қадам. Атом энергетикасы Қазақстанға өзінің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық күреске елеулі үлес қосуға көмектеседі,- деді аудандық мәслихаттың депутаты

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар