жексенбі, 15 наурыз, 2026 14:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қаламгер жалпыхалықтық бастамаға қолдау білдірді

Қаламгер жалпыхалықтық бастамаға қолдау білдірді
Фото - ашық дереккөз
Бүгін елімізде республикалық референдум өтіп жатыр.

Маңызды саяси науқан аясында Тараз қаласындағы №58 сайлау учаскесінде де тұрғындар белсенді түрде дауыс беріп, өз таңдауларын жасауда. Таңғы сағат 07:00-де ашылған учаскеге алғашқы минуттардан бастап сайлаушылар келе бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Учаскеде дауыс беру процесі заң талаптарына сай ұйымдастырылған. Комиссия мүшелері сайлаушыларды тіркеп, бюллетень тарату жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар учаскеде бақылаушылар да бар. Олар дауыс беру барысының ашық әрі әділ өтуін қадағалап отыр. Дауыс беруге келген азаматтарға барлық қажетті жағдай жасалған.

Аталған учаскеде белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Елен Әлімжан да келіп, өз таңдауын жасады. Қаламгер ел өміріндегі маңызды саяси оқиғадан шет қалмай, азаматтық парызын орындаудың маңыздылығын атап өтті.

– «Бүгінгі референдум – ел үшін маңызды тарихи сәттердің бірі. Мұндай жалпыхалықтық бастамаларға әр азамат бейжай қарамай, өз пікірін білдіруі керек. Бұл – мемлекетіміздің болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі», – деді ол.

Қаламгердің айтуынша, халықтың белсенділігі қоғамдағы бірлік пен жауапкершіліктің айқын белгісі. Сондықтан әрбір азамат ел дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте өз дауысын беріп, ортақ іске үлес қосуы тиіс.

Айта кету керек сайлау учаскесінде 1772 адам тіркелсе, таңнан бері 442 адам өз таңдауын жасаған.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар