сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 7:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Александрға сәлемдеме». Таразда түрмеге телефон кіргізбек болғандар әшкереленді

«Александрға сәлемдеме». Таразда түрмеге телефон кіргізбек болғандар әшкереленді
Фото - jambylinfo.kz
Бүгін Жамбыл облысы бойынша қауіпсіздігі орташа қылмыстық атқару жүйесі департаментінің режимдік бөлімінің тексеру тобы абақтыға сәлем-сауқат арқылы ұялы телефон кіргізбек болғандарды анықтады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Операциялық жүйе бойынша шамамен сағат 12:20 кезінде сотталғандарға сәлемдеме бермек болған меркілік азамат бірнеше смартфонды тексеру бекетінен өткізбек болған. Алайда абақтыда алақанын ысқылап отырған Александрдың үмітін тексеру тобының жедел уәкілі үзді. Темірторға бет алған телефондар азық-түлік ішінен шықты. Мәселен, пластикалық ыдыстағы "доширактың" ішінен "Redmi", вафли қорабынан "SAMSUNG", "Чемпион" шай пакеттерінен "ОРРО" , майлықтар пакетінен "NOKIA" сынды телефондар анықталды. 
Деректерге сүйенсек, сәлемдемені бас бостандығынан әлдеқашан айырылған Александр атты сотталушы алмақ болған. ҚАЖД баспасөз қызметі мәлімдегендей, абақтыға «тыйым салынған» сәлемдемені бермек болған азаматтың ісі сотқа жіберіледі. 

«Сотталғандардың  пайдалануына және сақтауына тыйым салынған заттарды табу және тәркілеу фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК 481 баптың 1 бөлігіне сәйкес материалдар жинауды жүргізеді. Одан әрі ұсталған азаматтың ісі мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі»,- делінген хабарламада.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар