Жамбыл жаңалықтар
Алматыда футболға арналған қақпа кішкентай баланы басып қалды
- авторjambylinfo.kz
- 5 сәуір, 2021
- 237
Алматыда футболға арналған қақпа кішкентай баланы басып қалды
«4 сәуір күні кешкі сағат 19: 30-да менің құрбымның баласы 8-ші ықшам ауданындағы №79-үйдің ойын ауласында ойнап жүрген. Футболға арналған темір қақпа баланың үстіне құлап кетті. Сөйтсек, қақпа бекітілмеген екен. Бала реанимацияда ауыр халде жатыр. Ешқандай қауіпсіздік ережелеріне сай келмейтін, балалар алаңын қалай ашуға болады «, - деп жазды желі қолданушы.
Алматы әкімдігі баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді. Әкімдіктің хабарлауынша, 2020 жылы осы мекен-жай бойынша аулаға EC-EnergyQazaqstan» ЖШС мердігер компаниясы келісімшартқа сәйкес ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізген.
Тапсырыс берушісі - Әуезов ауданы әкімінің аппараты. «Смета бойынша, ойын алаңының резеңке жабындысын ауыстыру және сыртқы жарықтандыру құрылғыларын ауыстыру жұмыстары жүргізілген. 2016 жылы №8 ықшамауданындағы №79 үй бойынша ойын алаңын, футбол алаңын жақсарту және сыртқы жарықтандыруды орнату жұмыстары жүргізіліп, содан кейін ойын алаңы мен футбол алаңы күтіп ұстау үшін «Управление домами-14» пәтер иелерінің тұтынушылар кооперативіне берілген», - деді Әуезов ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Азат Кәкетаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала