жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алты айда 62 өтініш: бизнес қорғау желісіне жүгінушілер артты

Алты айда 62 өтініш: бизнес қорғау желісіне жүгінушілер артты
Фото - ашық дереккөз
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасына бизнес қорғау желісі арқылы 62 өтініш түсті.

 Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,7%-ға артық, яғни 33 өтінішке көбейген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Түскен өтініштердің 10-ы оң шешімін тауып, бұл жалпы көрсеткіштің 16%-ын құрады.

Аталған мерзімде қорғалған мүліктік құқықтардың жалпы сомасы 877 млн 968 мың 969 теңгені құрады. Бұл 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 712,5 млн теңгеге аз. Өткен жылы бұл сома 1 млрд 590 млн 500 мың теңгені құраған болатын. 2024 жылғы ірі көлемдегі қаржыны мектепке дейінгі білім беру саласындағы жеке қаржыландыру да толықтырған еді.

2025 жылы кәсіпкерлерден түскен өтініштердің негізгі бөлігі мына бағыттарды қамтыды:
    •    жер мәселелері – 22 өтініш;
    •    мемлекеттік сатып алулар – 11 өтініш;
    •    білім беру, соның ішінде мектепке дейінгі білім – 10 өтініш;
    •    ауыл шаруашылығы – 4 өтініш.

Ал 2024 жылы басым өтініштер мемлекеттік сатып алулар (22) мен жер мәселелеріне (13) қатысты болған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар