сәрсенбі, 30 қазан, 2024 10:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтті

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының  кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтті
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтті
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясының күн тәртібінде партияның Саяси тұғырнамасының жобасы талқыланады. Партия Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап барлық партия алаңдарында Саяси тұғырнама мәтіні кеңінен талқыланды. Конференцияда алғашқы болып сөз сөйлеген Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Махметғали Сарыбеков алдағы өзгерістер бойынша баяндамасын оқып, тың идеяларымен бөлісті. «Жастарға қолжетімді және сапалы білім беру, тың идеяларға ашық, сыни және креативті ойлайтын, ізденімпаз, өмірін білім мен кәсіби қабілетін жетілдіруге арнауға дайын азаматтарды қолдау – партияның негізгі міндеттерінің бірі. Білім мен ғылымға салынған инвестиция – болашаққа салынған инвестиция. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынып, 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалынады. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш аусыммен оқитын мектеп мәселесі толық шешіледі», - деді Махметғали Сарыбеков. Бұдан өзге конференцияның күн тәртібіне «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралады. Сондай-ақ  партия облыстық филиалы Бақылау-тексеру комиссиясының құрамына алдағы уақытта өзгерістер енгізілетін болады. Жиын соңында 6 қазан күні Астана қаласында өтетін «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезіне партия Жамбыл облыстық филиалынан делегаттар сайланады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар