жексенбі, 22 маусым, 2025 14:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ангелина Лукас Тараздық әскерилер мен кездесті

Ангелина Лукас Тараздық әскерилер мен кездесті
Тараз гарнизонының баспасөз қызметі
Тараз қаласында өткен тарихи жекпе-жекте қазақстандық боксшы Ангелина Лукас өзінің басты қарсыласы, чилилік Даниэла Асеньходан реванш алып, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғады.

Ангелина Лукас – Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубының мүшесі. Сондықтан да оның жеңісі тек спорт жанкүйерлеріне ғана емес, ел әскерилеріне де ерекше қуаныш сыйлады. Жекпе-жек кезінде «Тараз Аренада» орын тепкен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері трибунадан чемпионға ерекше қолдау көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жекпе-жектен кейін Ангелина арнайы ұйымдастырылған кездесу барысында әскери бөлімге барып, өз жанкүйерлерімен жүздесті. Мұндай форматтағы кездесу ел спорты мен әскерилер арасындағы байланыстың нығая түскенін аңғартты.

Кездесуде Лукас жекпе-жекке дайындық кезіндегі қиындықтар, мотивация және психологиялық күй жайында ашық айтып берді. Әскери қызметкерлер өз кезегінде чемпионға сұрақтар қойып, оның рухын, тәртібін, табандылығын ерекше бағалады.

— Қолдаулары үшін барша әскерилерге, әсіресе Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Фатихович Жақсылықов пен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылық командирі генерал-майор Ержан Вакасович Ибраевқа алғысым шексіз. Бұл жеңіске өзімді ғана емес, маған сенетін отандастарымды да арнап шықтым. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік әрі құрмет болды, — деді Ангелина кездесу барысында.

Кездесудің ресми емес бөлігінде чемпионға өңірлік қолбасшылықтың атынан символикалық сыйлықтар табысталды. Генерал-майор Ержан Ибраевтың атынан ұсынылған кәдесыйлар қатарында гүлдер мен арнайы сувенирлер, сондай-ақ қазақтың дәстүрлі сәукелесі болды. Бұл сый — жақсылық пен отбасылық бақыттың нышаны ретінде берілді.

Сондай-ақ, әскерилер Ангелинаға арнайы тігілген жарқын жилет тарту етті. Бұл — оның әскермен байланысының айғағы әрі рухани қолдаудың белгісі. Лукас өз кезегінде осындай жылы қабылдаудан ерекше әсер алғанын айтып, алдағы уақытта әскери бөлімге тағы да келуге дайын екенін жеткізді.

Бүгінде Ангелина келесі жекпе-жектерге дайындалып жатыр. Ал оның әскери жанкүйерлері әрдайым қасынан табылуға уәде етті. 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар