сенбі, 21 желтоқсан, 2024 21:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

“Аптап ыстық, қатты жел”. Жамбылдағы «жанұялық баққа» егілген 950 млн теңгенің алмалары өліп жатыр

“Аптап ыстық, қатты жел”. Жамбылдағы  «жанұялық баққа» егілген 950 млн теңгенің алмалары өліп жатыр
Коллаж: Ернар Балғабай
Осы бағдарлама бойынша лизинг алған кәсіпкерлер алма бақтан пайда көрмесе де несие төлеуге мәжбүр

Жамбыл ауданындағы бір топ кәсіпкер Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы қоғамдық кеңеске шағым түсіріп, «Аграрлық Несие Корпарациясы» АҚ қабылдаған «Жанұялық бақтар» бағдарламасына қоғамдық сараптама жүргізуді талап етті, jambylinfo.kz.

«Несие корпорациясы дайын бақтардың орнына қураған жер берді»

Жамбыл ауданының кәсіпкерлері “АграрлықКредиттікКорпарация» сонау 2015 жылы қабылдаған «Жанұялық бақ» жобасына қатысқан. Бағдарламаның ережесі бойынша, корпорация 5 гектар алма бағын салып,  лизинг шарты бойынша жанұялық түрдегі 10 шаруа қожалығына дайын бақтарды беру керек болған.

«Дегенмен, корпарация өз талаптарын дұрыс орындамай, үлкен заңсыздықтарға жол берді. Ал, оның зардабын қарапайым шаруалар тартып отырмыз»,- дейді шағым білдірген кәсіпкерлер.

Мәселе заңмен қалай реттеледі?

Заң жүзінде несие корпорациясы мен шаруа қожалықтарының қатынастары Азаматтық кодекстің 29-тарауы және Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы Заңы арқылы реттеледі. Алайда, кәсіпкерлердің айтуынша, «Аграрлық Несие Корпарация» жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, сараптама жасау және оны бекіту, мердігерді таңдау, мердігерлік шарт жасасу, құрылысқа рұқсат алу, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама алу, объектіні пайдалануға беру, мемлекеттік тіркеу сияқты заң талаптарын елемеген.

«Соның салдарынан, кәсіпкерлер 2019 жылдан бері түрлі қиындықтарға тап болып келеді. Себебі, алма бақтарына Берікқара шатқалынан бөлінген жерде үнемі дауыл соғады, суаратын су тапшы, жазда аптап ыстық болып, алма ағаштары дұрыс өспейді. Өнім болмаған соң, шаруа қожалықтары бүгінгі күні лизингтік төлемдерін төлей алмай отыр», - шаруалар.

«Несие корпорациясы карантин ережелерін сақтаған жоқ»

Бұл проблемалардан өзге, алма бақтың жемістері күйген кезде, несие корпорациясы карантин ережелерін сақтамаған.  

«2023 жылы мамыр айында облыс әкімі шаруалардың алма бақтарын карантиндік режимге енгізу туралы бұйрық шығарған. Себебі, жеміс ағаштары бактериялық күйікпен зақымданған. Мұндай  жағдайда бақшаларды жою жұмыстарын ерте қолға алмаса, сол аумақтаға егінжайлар мен өзге де бау-бақшаларға қауіп төнеді. Алайда, корпорация бұл бұйрықты да елемей, реңі қашқан бақшалар сол қалпы тұр», - дейді шаруалар.

Осы және өзге мәселелерді көздеген кәсіпкерлер  "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ лизинг алушыларға тиісті қызметтерін ұсынбады, сондай-ақ, қор қажетті құжаттамасыз және сараптамасыз бақтар салу арқылы Қазақстан заңнамасын бұзып, тиісті бағалаусыз 935 млн. теңге бюджет  қаражатын негізсіз жұмсады деп айыптап отыр.

«Олардан, талап ететініміз, тек заңсыздықтарды анықтап, корпорациямен келісім-шартты бұзып, кепілге қойған мүліктерді өз иелеріне қайтарып берсе болды»,- дейді шаруалар.

Қазір кеңестің тапсырмасы бойынша құрылған сараптама комиссиясы өтінішті қарап жатыр. Редакция осы мәселеге қатысты «Аграрлық несие корпорациясы» мен "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-на ресми сауал жолдады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар