дүйсенбі, 15 желтоқсан, 2025 18:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қаратау қаласында оқушыларға құқықтық тәрбие беру бойынша кездесу өтті

Қаратау қаласында оқушыларға құқықтық тәрбие беру бойынша кездесу өтті
Фото - ашық дереккөз
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге құқықтық білім беру, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Талас ауданында орналасқан А.С. Пушкин атындағы орта мектепте жоғары сынып оқушыларымен «Заң және тәртіп» тақырыбында құқықтық тәрбиеге арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Кездесу барысында оқушылар Қазақстан Республикасының заңнамалары, өз құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқықтық жауапкершіліктің түрлері жөнінде кең көлемде ақпарат алды.

Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі толық жауаптар алды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар