Жамбыл жаңалықтар
Қаратаудың қақпасы жаңартылып, аудан тарихы тасқа жазылды
- авторjambylinfo.kz
- 4 қараша, 2020
- 561
Қаратаудың қақпасы жаңартылып, аудан тарихы тасқа жазылды
Қаратау атауы жайлы сөз қозғай қалсаңыз, ең алдымен 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталған халқымыздың тарихындағы қилы кезеңдер мен «Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» деген мұңды да,зарлы жыр жолдары еске түседі. Бұл өңірдің аты жайлы ғылыми деректерде сонау адамзаттың алғашқы қоныстары Тәңірқазған мен Бөріқазған сияқты көне тұрақтармен белгілі. Ал халық арасында «Қаратау» қарайып жататын малға жайлы, қыстап шығуға қолайлы болғасын солай атаған деген болжам да бар.
Қаратау қаласының іргесі 1946 жылы Шолақтау кенті болып қаланған. Қала мәртебесі 1963 жылдың 24 тамызында берілген. Тарихи деректерге жүгінер болсақ, Қаратау кеніші өзінің алғашқы өнімін 1946 жылы 5 желтоқсанда бере бастады. 1963 жылы кен байыту фабрикасы іске қосылды. ХХ ғасырдың 60-90-жылдары, КСРО және республика экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отырған Қаратау қаласының гүлденген шағы да осы уақыттармен байланысты болған.
Жалпы, Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың өңірлерді дамыту бойынша берілген тапсырмасына сәйкес Талас ауданында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Талас ауданының әкімі болып тағайындалғанына 1 жыл ғана жыл болған Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов аталған аз уақыт ішінде тың қадамдары барлық салада көрініс бере бастады. Соның бірі – бұрын болмаған аудан тарихын тасқа қашап, үш тілде мәлімет беретін арнайы тақта тұрғызылды.
Сонымен қатар, күре жолдың бойында көзге түрпідей көрінетін ескі қақпа мен тау етегіндегі қақпа да қайта жаңғыртудан өтіп, халықтың көз қуанышына, таластықтардың мақтанышына айналып отыр.
Бір сөзбен айтқанда, Қаратау қаласында даму тұрғысындағы өзгеріс көптеп орын алуда. Ал, ауданға қарасты ауылдық округтерде шешімін күткен мәселелер шешіліп, халыққа қажетті жобалар жасалуда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Таразда сотталған азаматтар оқу-ағарту курстарынан өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2024