Жамбыл облысы бойынша бюджеттік қаражаттар 458,8 млрд теңгеге игерілген
- авторjambylinfo.kz
- 27 қыркүйек, 2024
- 493
Биылғы жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша Жамбылда бюджеттік қаражаттар 458,8 млрд теңгеге игерілген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Аудандар мен Тараз қаласы бойынша қаражаттардың игерілуі 90,8%-ды құрады, яғни, облыстық көрсеткіштен төмен болып қалыптасты.
Жергілікті бюджеттер шығыстарының орындалуы бойынша мынадай көрсеткіштер қалыптасқан, оның ішінде: Мойынқұм ауданы – 97,4%-ке, Жамбыл ауданы – 96,0%-ке, Сарысу ауданы – 93,9%-ке, Жуалы ауданы – 93,8%-ке, Байзақ ауданы – 92,5%-ке, Қордай ауданы – 92,0%-ке, Шу ауданы – 91,9%-ке, Тараз қаласы – 90,5%-ке, Т.Рысқұлов ауданы – 87,5%-ке, Талас ауданы – 87,0%-ке, Меркі ауданы – 81,8%-ке игерілген.
Тараз қаласы бойынша – 5,7 млрд.теңге, Меркі ауданы бойынша – 1,7 млрд.теңге, Талас ауданы бойынша – 1,2 млрд.теңге, Қордай ауданы бойынша – 1,0 млрд.теңге, Шу ауданы бойынша – 924,3 млн.теңге, Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша 866,8 млн.теңге сомасында қомақты қаражаттар игерілмей қалған.
Жамбыл облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қаражаттар 98,6%-ға игерілген.
Мемлекеттік қаржы жүйесін цифрлы трансформациялау дегеніміз не және оны жүзеге асырудың жолы қандай? Осы және өзге маңызды сұрақтар ҚР Қаржы министрлігінің Ақпараттық-есепке алу орталығында өткізілген қоғамдық кеңестің көшпелі отырысында қаралып, пысықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Алқалы басқосуға мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ салалық ҮЕҰ өкілдері және Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Тұтастай алғанда, «АЕО» АҚ-ның көмегімен жасалып, қызмет көрсетілетін ақпараттық платформалар қазірдің өзінде еліміз бойынша 700 мыңға жуық қолданушыға (тіркелген) қажетті қызметті ұсынып келеді. Олардың саны жыл сайын ұлғайып жатыр. Компанияның негізгі міндеттеріне мемлекеттік меншікті жүргізу және есепке алу, бағалы қағаздар нарығындағы қызмет, астық қолхаттары бойынша тіркеу жұмысы, сондай-ақ қаржылық есептілік депозитарийін жүргізу кіреді. Бұдан басқа аталған орталық мемлекеттік қаржы жүйесін цифрлы трансформациялауға арналған сервистерді де әзірлеп жатқанын айта кетейік.
Жиынның соңында кеңес мүшелері министрлік өкілдеріне өзекті мәселелер бойынша белсенді диалог орнатып, пікір алысуға мүмкіндік туғанына ризашылықтарын жеткізді.
Қаржылық сауаттылық бойынша жамбылдық мамандар қарапайым халыққа бірнеше кеңес береді. Мысалы, Kakebo – бұл қаржы үнемдеу әдісі.
Отбасыдағы қаржыны дұрыс жинау, қор қалыптастыру және ақшаны ретімен жұмсау сынды дүниелер кез келген ерлі-зайыптының бұлжымас қағидаларының бірі болуы тиіс. Себебі отбасы да кішігірім мемлекет сияқты. Ал мемлекетті ұстап тұратын оның басты стратегиялық саясаттарының бірі – экономикалық тиімді саясат, бюджеттік жоспарлау секторы.
Дәл осы сияқты әр отбасының да бюджеттік жоспарлау саясаты міндетті түрде болуы тиіс. Өйтпеген жағдайда отбасыға да қаржылық дағдарыстың қара бұлты үйіріліп, «былай тартсаң былай жетпейді, олай тартсаң олай жетпейді» деген әңгіме осыдан шығады.
«Алдымен өзіңе төле»
Жеке қаражатты басқарудың маңызды қағидаттарының бірі дәл осылай «Алдымен өзіңе төле» деп аталады. Яғни айлық кіріс кірген бойда немесе қалтаңа қосымша қаржы түскен сәтте 10 пайызын депозитке немесе ағымдағы шотқа салу қажет. Бұл қағида пайдалы әрі дағдылы әдетке айналуы үшін жалақы, қаламақы алған сайын немесе басқа да кез келген кіріс түскен сайын осылай істеу қажет. Мұндайда тәртіпке көніп, барынша сабыр сақтаңыз. Нәтижесі сізді қуантары сөзсіз.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда облыс әкімінің мерекелік шыршасы өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024