жұма, 27 желтоқсан, 2024 8:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аймақта 538 дәрігерден құралған 214 мобильдік топ жұмыс істеуде

Аймақта 538 дәрігерден құралған 214 мобильдік топ жұмыс істеуде
ашық дереккөзі
Аймақта 538 дәрігерден құралған 214 мобильдік топ жұмыс істеуде

Облыста COVID-19 және пневмониясы бар пациенттерді амбулаториялық бақылауға алып, оларға қажетті жедел емдеу жұмысын жүргізу үшін 538 дәрігерден құралған 214 мобильдік топ жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев облыс әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында өткен тікелей эфир барысында  баяндады.

– Әрбір мобильдік топ әкімдіктер, демеушілер тарапынан тиісті автокөліктермен қамтамасыз етілдіСонымен қатар, халыққа алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында облыс бойынша 116 мектепте медициналық кабинеттер ашылып, қазір онда 136 медициналық қызметкер халыққа қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда аталған медициналық кабинеттер 1 ай ішінде 8837-ге жуық адамды қабылдап, тиімділігін көрсетіп отыр.  Аталған шараның тиімділігі – алғаш сырқат белгілері бар тұлғаларға жедел жәрдем көрсетіп, оның асқынуына жол бермей, алдын алып, дұрыс емделу тәртібін орнату болып табылады, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар