жұма, 22 қараша, 2024 21:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аймақта COVID-19 жұқтырушылар саны азайып келеді

Аймақта COVID-19 жұқтырушылар саны азайып келеді
ашық дереккөзі
Аймақта COVID-19 жұқтырушылар саны азайып келеді

Ағымдағы жылдың 24 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 6 жағдайы тіркелді.

Тараз қаласының тұрғындары арасында екі симптоматикалық жағдай анықталды. Облыс орталығында 39 жастағы әйелге дене қызуы көтеріліп, ентігу, жөтел, әлсіздік шағымщдарына қатысты тест жасалды. 51 жастағы ер адамда да осыған ұқсас белгілермен шағымданған. Ол коронавируспен ауырған науқастармен тығыз байланыста болған. Симптоматикалық тасымалдаушылар инфекциялық және провизорлық ауруханаларда емделуде. Олармен байланысқан адамдар карантинге алынды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Сондай-ақ, өткен тәулікте тағы 4 симптомсыз жағдай расталды. Коронавирус Жуалы ауданының 73 және Байзақ ауданының 62 жастағы зейнеткерінен анықталды. Олар ауруханаға жатар алдында коронавирустық инфекцияны анықтау мақсатында сынақтан өтті. Тараз қаласында 61 жастағы ер адам еңбек демалысынан кейін жұмысқа барар алдында кәсіби мақсатта тексерілген. Ал, Жуалы ауданында 22 жастағы әйел жүктіліне байланысты бақылаудан өткен. Олардың барлығы үй карантинінде.

Ағымдағы жылдың 24 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 4063 жағдайы тіркелді, 3561 науқас емделіп, ауруханалардан шығарылды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар