Жамбыл жаңалықтар
Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 14:08
- 40
Сонымен қатар жетоқсаншылар рухына құран бағышталды
Тәуелсіздік күні мерекесі аясында Тараз қаласында Халық қаһарманы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Маңызды рухани шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысып, ел тәуелсіздігі жолында жанын қиған батырдың рухына тағзым етті. Ескерткіш алдына гүл шоқтары қойылып, Қайрат Рысқұлбековтің рухына құран бағышталды.
Шара барысында ұлт батырының ерлігі мен қайсарлығы, Желтоқсан оқиғасының тарихи мәні және Тәуелсіздіктің баға жетпес құндылығы туралы тағылымды ойлар айтылып, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы атап өтілді.





