сенбі, 23 қараша, 2024 3:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Азаматтардың шағымы ескерусіз қалмайды

Азаматтардың шағымы ескерусіз қалмайды
ашық дереккөзі
Азаматтардың шағымы ескерусіз қалмайды
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалында Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Абай Нұржановтың төрағалығымен жиын өтті. Онда Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Серік Әлібеков пен партия облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраймованың есептері тыңдалды. Алдымен «Мемлекеттік органдардағы әдеп жөніндегі уәкілетті органдардың қызметі туралы» Серік Әлібеков баяндап берді. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің және облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілдерімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарының сақтау мәселелері бойынша 306 консультативтік көмек көрсетілді, 143 азамат жеке қабылдауларда болып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша 8 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралыпты. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай күйіне мониторинг жүргізу мақстаныда 3144 анонимді сауалнама жүргізіліп, қорытындысы бойынша қажетті шаралар қабылданыпты. «Nur Otan» партиясының саяси Доктринасы талаптарын іске асыру мақсатында 2020 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында жергілікті тұрғындардан түскен өтініштердің барысын айтып өткен Үміт Ибраймова «Nur Otan» партиясының бүгінгі таңдағы жұмыстарының маңызды және аса жауапты бағытының бірі – қоғамдық қабылдау қызметі болып табылатындығын айтып өтті. 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында партияның облыстық және аумақтық филиалдарына барлығы 13094 өтініш түсіп, оның 9014 немесе 69% оң шешімін тапты. Өтініштің қалған 4040-на немесе 31%-на заң аясында түсініктемелер берілді. Ал, 40 өтініш мерзіміне сәйкес қаралу үстінде. Қайырылған азаматтардың басым көпшілігі – негізінен Тараз қаласы мен облыс орталығына жақын орналасқан Байзақ, Жамбыл аудандарының тұрғындары. Есепті мерзімде қоғамдық қабылдаулар бөлмесіне келіп түскен 13094 өтініштің 187-і немесе 1,4 пайызы облыстағы жергілікті атқарушы органдар тарапынан қаралған. Олардың 61-і немесе 32 пайызы оң шешімін тапса, қалған 126-на немесе 68 пайызына Қазақстан Республикасының заңдары аясында нақты түсініктемелер берілген. Есепті мерзімде облыс, қала, аудан әкімдері мен мемлекеттік мекеме басшылары 102 қабылдау жүргізіп, қабылдауға келген 305 адамның өтініштерін жан-жақты қарап, оның 73-і немесе 24 пайызы оң шешімін тапқан. Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылдың 21 тамызында «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Партия проблемаларды нақты шешу жолдарын ұсынып, тиімді жұмыс істеуі керек, сонда беделіміз де артады, халық та қолдайды. Экономика мен саяси даму бағытында көшбасшы атанған елдердің тәжірибесінен сабақ алғанымыз жөн» деген болатын. Бұл ұстаным халықпен етене жұмыс жасауда жадымыздан шықпауы керек.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар