Жамбыл жаңалықтар
ҚАЖ қызметкерлері кәсіби қызметтік дайындығын жетілдіруде
- авторjambylinfo.kz
- 1 желтоқсан, 2023
- 650
ҚАЖ қызметкерлері кәсіби қызметтік дайындығын жетілдіруде
Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қай кезеңде де жауынгерлік деңгейі заман талабына сай болуы керек. Бұл ретте құзырлы органдар тәртіп сақшыларының кәсіби қызметтік дайындығын арттыру әрі тактикалық іс-қимылдарын жетілдіру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылуда.
Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты түзеу мекемелерінің басшы және жеке құрам қызметкерлері Жамбыл ауданындағы Айша бибі полигонында қоян-қолтық күрес, қалқан және резинка таяқшасымен жұмыс істеу секілді шеберліктерін шыңдады. Бұдан бөлек, түрлі табельдік қарудан оқ атып, біліктіліктерін арттырды. Сондай-ақ, түрлі деңгейдегі элементтер арқылы аралас жаттығулар мен сынақ тапсырмаларын орындады.
Жалпы, мұндай жаттығулар әрбір қызметкердің жұмыс барысындағы жауапкершілігін артуына зор ықпал ететіні сөзсіз.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025






