Жамбыл жаңалықтар
Азық-түлік бағасы "Nur Otan"-ның бақылауында болады
- авторjambylinfo.kz
- 29 қазан, 2020
- 240
Азық-түлік бағасы "Nur Otan"-ның бақылауында болады
Бүгінгі күні өңірде әлеуметтік азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бойынша ауқымды шаралар қолға алынған. Өздеріңізге белгілі облыс орталығынан бөлек 10 ауданда да жұмыстар жүргізілуде. Нақты шаралар «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының тұрақты бақылауында. Алайда, карантин кезінде көптеген шараларға шектеу болып, рейдтер өткізілмеді. Дегенмен, облыс әкімінің жанындағы арнайы комиссияның құрамында «нұротандықтар» да болып, азық-түлік бағасының тұрақтануына рейдтік іс-шаралар жүргізді. Бұл мақсаттағы рейдтер аудандарда да ұйымдастырылды. Сонымен қатар, облыс орталығында тұрғындарға азық-түлікті төмен бағамен ұсынған жәрмеңкелердің де ұйымдастырлуына көмек берудеміз.
Ал, ағымдағы жылдың қыркүйек айында облыс бойынша инфляция 104,8% құрады (елімізде – 104,9%), оның ішінде азық-түліктер бойынша 107,2% (елімізде – 107,4%), ал әлеуметтік тауарлар инфляциясы 107,3% (елімізде-106,0%). Оның қатарында инфляцияға әсер еткен, бағаның ең жоғарғы жылдық өсім динамикасы қарақұмық бағасында (30,9%), картоп (16,1%), қант (12%), сары май (11,6%) және ұн бағасында (9,6%) байқалуда. Өткен аптада сүт, айран, тауық жұмыртқасы, күбағыс май және қант бағаларының өсімі (2-10% аралығында) қайта тіркелді.
Бағаларды шекті мәнмен салыстырғанда пияз 19%, сәбіз 21%бағасы шекті межеден жоғары тұр. Алайда ағымдағы жылдың екінші жартысынан бері пияз бағасы 34%, сәбіз 17% төмендеген. Дегенмен, бұл жылда қайталанатын көрініс. Мысалы, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда пияздың кәзіргі бағасы 3 теңгеге төмен, ал сәбіз бағасы тек 2 теңгеге ғана жоғары болып тұр.
Ал бүгінгі күнге дейін бағаны тұрақтандыру бойынша атқарылған шараларғат тоқталатын болсақ. Тараз қаласының негізгі 12 ірі сауда орындарындағы бағаларды мониторингілейтін 4 мобильдік топ жасақталды. Аталмыш топтар аудандық деңгейде де құрылып отыр. Бүгінгі күнге тұрақтандыру қордың сақтауында жалпы көлемі 2664 тонна тауарлар бар, оның ішінде форвардтық келісім бойынша 2358,2 тонна, оның ішінде 325 тонна нан, 409 мың дана тауық жұмыртқасы, 3,2 тонна тұз, 700 тонна қант, 22 тонна тауық еті, 300 тонна ұн, 15 тонна сүт, сондай-ақ 470 тонна картоп, 332 тонна пияз және191 тонна сәбіз босатылатын болады.
Тұрақтандыру қордың есебінде 842,5 миллион теңге ақша қаражаты бар, оның 154 миллион теңгесі айналмалы схема үшін бөлінген. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетігі аясында 14 тауар өндірушінің тізімі айқындалды, 154 миллион теңгеге өтінімдер іріктеліп, қарыз беру келісім шарттың жобасы арнайы комиссиямен келісілді. Бұдан бұрын, Үкімет резервінен бөлінген 1 миллиард теңге несие кәсіпкерлік 5субъектілерге босатылды, оның 3-уі сауда саттық 2-уі тауар өндірісі бағытында. Бөлінген қаржы толықтай игерілді. Алқаптан сөреге пилоттық жоба аясында 753,6 миллион теңгенің өнімдері өткерілді. Азық-түлік нарығындағы баға тұрақты бақылауда тұр. Яғни, облыс орталығы мен 10 ауданда да жұмыс жүйелі жүргізіледі.
Балабек Нарбаев,
"Nur Otan" партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала