"Жамбыл су" мекемесінің хабарлауынша, бүгін 11 сәуірден 12 сәуірге қараған түні су уақытша өшіріледі.
«2024 жылдың сәуір айының 11-і күні түнгі сағат 23:00-ден 12-сәуір таңғы сағат 06:00-ге дейін Ұлбике ақын мен Рахимов көшелерінің қиылысындағы су жүйесі құбырындағы құбыр жөнделеді. Рахимов көшесінің бойында, Ұлбике ақын көшесінен бастап, Достоевский көшесіне дейінгі аралықтағы үйлердің, Ұлбике ақын көшесінің бойында, Рахимов көшесінен Ниетқалиев көшесіне дейінгі аралықтағы үйлердің ауыз суы уақытша тоқтатылады және жақын орналасқан үйлерде ауыз судың қысымы төмендейді»,-деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін біз Таразда 1 ай ыстық су болмайтынын жазған едік.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз