сәрсенбі, 22 қаңтар, 2025 6:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін Жамбылда тұрғындар мен кәсіпкерлерді бопсалап келген қылмыстық топ өкілдері сотталды

Бүгін Жамбылда тұрғындар мен кәсіпкерлерді бопсалап келген қылмыстық топ өкілдері сотталды
фото - ашық дереккөзден
Бұрын сотты болған 7 адамнан тұратын бұл қылмыстық топ 2 жыл бойы қайырымдылық қордың атын жамылған

Бүгін Жамбылда тұрғындар мен кәсіпкерлерді бопсалап келген қылмыстық топ өкілдері сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сот талқылауының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы мен мүшелеріне қатысты айыптау үкімін шығарды.

- Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтыңжетекшісі 11 жылға, басқа қатысушылар 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сотталғандардың кінәсі жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері мен қылмыстық істің басқа да материалдарымен толық дәлелденді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2023 жылдың сәуір айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен облыстық ПД-нің қызметкерлері жедел іс-шаралар кешені нәтижесінде Жамбыл облысында тұрақты қылмыстық топты әшкереледі.

Бұрын сотты болған 7 адамнан тұратын бұл қылмыстық топ 2 жыл бойы қайырымдылық қордың атын жамылып, кәсіпкерлерді қорқыту және оларға күш қолдану арқылы бопсалау, қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу және қорғаншылық көрсетумен айналысқан.

Ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырушының жоспарын жүзеге асыру мақсатында бірқатар қылмыстардың мән-жайы анықталды, оған қатысушылар (мүшелер) арасындағы тығыз қарым-қатынас және олардың іс-әрекетін үйлестіру белгіленді.

Мысалы, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері көшбасшының нұсқауы бойынша, өзіне және топтың қатысушыларына материалдық пайда табу мақсатында, қарыз мәселесін шешу үшін Меркі ауданында күш қолдану арқылы екі жәбірленушіден 1 млн теңге сомасындағы ақша қаражаттарын және жеке басына тұтыну үшін 10 келі есірткі заттарын талап еткен.

Жәбірленушілердің бірі өмірі мен денсаулығы үшін қорқып, «Kaspi» қосымшасы арқылы 500 000 теңге көлемінде қаражат аударған. Бұл қаражат ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары арасында бөлінген.

Осы тектес қылмыстық схема 4 кәсіпкерге де қатысты орын алған.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар