дүйсенбі, 25 қараша, 2024 1:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Б. Сапарбаев азық-түлік бағасын бақылау және реттеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

Б. Сапарбаев азық-түлік бағасын бақылау және реттеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды
ашық дереккөзі
Б. Сапарбаев азық-түлік бағасын бақылау және реттеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ірі сауда орталықтары басшыларының қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Аймақ басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
- Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша мемлекеттік баға реттеуді енгізуді тапсырды. Апта сайын осы мәселе бойынша Үкімет отырысы өтуде, жергілікті атқарушы органдарға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдау туралы міндеттер жүктелді. Мониторинг қорытындылары көрсеткендей, Тараздағы ірі сауда орталықтарында бірдей тауарлар әртүрлі бағада сатылуда. Бұлай болмайды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың белгіленген шекті бағалары қатаң сақталу қажет, - деп атап өтті облыс әкімі.
Басқосуда кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту, ауыл шаруашылығы басқармаларының, мемлекеттік кірістер департаментінің, «Тараз-ӘКК»ҰК» АҚ, өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылары ағымдағы ахуал мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Облыс әкімі жекелеген азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін салалық шаралар қабылдауды тапсырды.
– Өзімізде өсетін пияздың, қырыққабаттың бағалары да әркелкі. Аудан әкімдері, жауапты басқарма басшылары сауда желілері мен жергілікті тауар өндірушілер арасында ұзақ мерзімді келісімшарттар жасалуын қамтамасыз етуі тиіс. Әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің 9 түрімен облысымыз өзін-өзі қамтамасыз етеді, 8 түрі бойынша қамтамасыз ету көрсеткіші 50 пайыздан асады, тек қарақұмық пен күріш қана бізде жоқ. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының осы екі түрін жеткізу бойынша басқа өңірлермен меморандумдарға қол қойылған, - деді Бердібек Сапарбаев.
Сондай-ақ, аймақ басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ бойынша тауарлық үстеме бағаның 15%-дан асып кету фактілеріне жедел шаралар қабылдауды, көкөніс қоймаларын жабдықтауды, жәрмеңкелер өткізуді жалғастыруды және делдалдық схемаларды жоюды тапсырды. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі мониторингтік топтардың құрамы жаңартылады. Құрамға мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар, БАҚ өкілдері енеді.
– Біз өз пайдамызды емес, халықты ойлауымыз керек, – деді облыс басшысы кәсіпкерлерге.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар