сәрсенбі, 27 қараша, 2024 7:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Б.Сапарбаев: Байзақтағы қаза тапқан марқұмдардың барлық несиелері өтелді

Б.Сапарбаев: Байзақтағы қаза тапқан марқұмдардың барлық несиелері өтелді
ашық дереккөзі
Б.Сапарбаев: Байзақтағы қаза тапқан марқұмдардың барлық несиелері өтелді
Байзақ ауданында орын алған төтенше жағдай салдарынан қаза тапқан әскерилер мен құтқарушылардың отбасыларына тиісті барлық әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Бұл туралы  облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты. Аймақ басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, марқұмдардың және олардың отбасыларының банктегі, қаржы ұйымдарындағы берешектерін өтеу бойынша жұмыстар жүргізілгенін жеткізді. - Банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен жүргізілген жұмыс нәтижесінде қайтыс болған қарыз алушылар мен қалған жесірлердің берешектерін толық көлемде есептен шығару жөнінде бірыңғай шешім қабылданды. Бүгінгі таңда 47 қарыз бойынша барлық берешектер өтелді,- деді Б. Сапарбаев. Бұдан бөлек қаржылай түрдегі көмектер көрсетілген. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры және республикалық бюджет қаражаты есебінен 14 отбасына асыраушысынан айырылу бойынша 76 мыңнан 260 мың теңгеге дейінгі ай сайынғы жәрдемақы тағайындалған. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап белгіленген бұл жәрдемақының мөлшері отбасы асырауындағы адамдар санына қарай төленеді. -  Үкіметтік қордан қаза тапқандардың әр отбасына 10 миллион теңгеден қаржылай көмек көрсетуге жалпы 170 миллион теңге сомасында қаражат бөлінді. Сол секілді, облыстық бюджет (әрбір отбасына 5 миллион теңге) есебінен материалдық көмек көрсетуге 85 миллион теңге қаралды. Бұл қаражаттар толық көлемде қаза тапқандардың шоттарына аударылды,- деді облыс әкімі. Бүгінде жарылыс болған аумақта қалпына келтіру шараларына 12 мердігерлік ұйымның 22 бірлік техникасы мен 187 жұмысшысы жұмылдырылған. Жеңіл зардап шеккен 124 тұрғын үй мен 3 әлеуметтік нысан толығымен қалпына келтірілді. - Жалпы 150 миллион теңге көлеміндегі демеушілік қолдау есебінен 127 нысан қалпына келтірілді. Ал, айтарлықтай зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру үшін  Үкіметтік қордан 1,2 миллиард теңге бөлінді. Қалпына келтіру жұмыстарын ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін аяқтау жоспарлануда,- деді аймақ басшысы. Сондай-ақ, демеушілерден «Сенім Байзақ» қорына түскен қаржыға қосалқы шаруашылық құрылыстар мен жолдар жөнделеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар