жексенбі, 24 қараша, 2024 16:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Б.Сапарбаев Тараз қаласы әкімінің есебін тыңдады

Б.Сапарбаев Тараз қаласы әкімінің есебін тыңдады
ашық дереккөзі
Б.Сапарбаев Тараз қаласы әкімінің есебін тыңдады
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін тыңдады. Өткен жылмен салыстырғанда қалада өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісі, негізгі капиталға салынған инвестициялар, тауар айналымы және тұрғын үй құрылысы көлемінің өсуі байқалады. Жыл басынан бері қаланың кірісі 110,8 пайызды құраған.  2021-2022 жылдары жалпы құны 17,8 миллиард теңгені құрайтын жеті инвестициялық жоба іске асырылуда десек,  олар бойынша 1044 жаңа жұмыс орны ашылуда. Биылғы жылы қаланың ирригациялық жүйесін қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде қаланың 280 көшесіне су келсе, бұл өткен жылмен салыстырғанда 105 көшеге артық. «Таразға тарту» жобасы аясында облыс орталығында 42 жаңа нысан пайда болған. Қала әкімінің баяндамасын мұқият тыңдаған Бердібек Сапарбаев кейбір маңызды әлеуметтік нысандар құрылысының кешіктіріліп жатқанына назар аударып, мердігерлер осы уақытқа дейін №22 және №31 орта мектеп ғимараттарын неге пайдалануға бермегенін сұрады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар