жексенбі, 8 маусым, 2025 10:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі

Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі
Ашық дереккөз
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша Қордай ауданында облыс прокуроры Нұрғалым Мажитұлының төрағалығымен кездесу өткізілді.

Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемов, облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Б.Жанаев, аудан әкімі Б.Болатбеков және оның орынбасарлары, аудан прокуроры Б.Ізбасаров, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия мүшелері және тиісті сала басшылары қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясына аудандық полиция бөлімінен бірнеше оқушының құқық бұзушылық жасағандығы жөнінде хабарлама түскен.

Комиссия отырысында аталған мәселе жайлы және кәмелетке толмағандармен жасалған құқық бұзушылық деректері бойынша аудан әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия төрайымы Дамира Сүгірбай, аудандық полиция бөлімінің басшысы Асхат Алметов, аудан прокуроры Бірлік Ізбасаровтың мәлімдемелері тыңдалды.

Жиын соңында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров ата-аналардың баланың тәртібі мен тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін тиісті шаралар қабылдау және жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет- қылықтардан аулақ болуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар