«Балалар қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі». Тараздағы мектептерде пилоттық жобалар жүзеге асуда
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024
- 481
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оқу процесін цифрландыруға мүмкіндік беретін жүйелер енгізілген Тараз қаласындағы білім ошақтарын аралап, пилоттық жобаның іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алдымен облыс әкімі «Ұлы дала» (15) шағынауданындағы №64 орта мектепке барды. Бұл білім беру нысанына «Отан Мектеп» ақпараттық-бағдарламалық кешені орнатылған.
1200 балаға шақталған ғимарат өткен жылы бой көтерген. Бүгінде екі ауысымда 2 285 оқушы білім алуда. Мектепте 132 педагог қызмет етеді. Білім беру нысанында 56 оқу бөлмесі, 6 компьютер, 2 лингафон, 1 мұғалімдер кабинеті бар, сондай-ақ 1 мәжіліс залы, 2 спортзал, асхана, кітапхана, 4 шеберхана мен 3 зертхана қарастырылған.
Бұдан соң облыс әкімі Арай алқабында орналасқан 600 орындық №63 орта мектептің жұмысымен танысты. Аталған білім ошағына «Алақан» жобасы пилоттық режимде іске қосылған.
Айта кетейік, бұл пилоттық жобалар аясында ата-аналар баласының мектепке кіріп-шыққанын, асханаға қай уақытта барып, қанша қаражат жұмсағанын ұялы телефоны арқылы бақылай алады. Бұдан бөлек, білім ұясындағы барлық кітаптар жүйеге енгізіледі әрі оқулықтарды пайдалануға алған оқушыны анықтау оңайға соғады.
Мектеп директоры Медет Жантелиевтің айтуынша, қазір 38 педагог 481 балаға білім беруде. Нысанда 26 оқу бөлмесі, 4 компьютер, 3 модификация кабинеті, 4 шеберхана, мәжіліс залы, спортзал мен асхана бар.
Ербол Қарашөкеев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда тұрғанын атап өтіп, жауаптыларға пилоттық жобалардың тиімділігін жан-жақты зерделеуді тапсырды.
Ұтымды жобаның тәжірибесі өңірдегі басқа да мектептерге таратылатын болады.
14 қарашаға арналған валюта бағамдары қандай?
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысының ПД бастығы гарнизондық жиын өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 28 желтоқсан, 2024