жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Баспана-бақыт шамы

Баспана-бақыт шамы
ашық дереккөзі
Баспана-бақыт шамы
Конституция күніне орай  15 ықшамауданда 180 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, мереке қарсаңында тұрғындардың қуанышы еселене түсті. Баспаналы болу бақытына кенелген тұрғындардың қуанышымен бөліскен Бердібек Машбекұлы ақжарма тілегін білдіріп, пәтер кілттерін тапсырды. Салтанатты шараға жиналған қауымды Конституция күнімен құттықтаған аймақ басшысы баспана мәселесіне қатысты облысымызда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті. – Бүгін баршамыз мемлекет­ті­гі­міздің берік іргетасы – Конституция күні қарсаңында қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Осынау оңды істердің барлығы әлеу­мет­тің әлеуетін әлді ететін ауқымды шара­лар­дың жарқын көрінісі. Біздің басты мақсат­тар­ымыздың бірі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында барлығы 50 көпқабатты (3 мыңға жуық пәтер) тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беру жос­па­лануда, -деді Бердібек Машбекұлы. Пәтер кілтіне ие болған тұрғындар атынан сөз алған Жазира Байкулова көпшілік атынан алғысын жеткізді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар