Жамбыл жаңалықтар
Басты мақсат – қайта қылмыс жасаудың алдын алу
- авторjambylinfo.kz
- 16 мамыр, 2022
- 205
Басты мақсат – қайта қылмыс жасаудың алдын алу
Басты мақсат – қайта қылмыс жасаудың алдын алу
Жуырда Мойынқұм аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен жиын өтті. Бұл басқосудың басты мақсаты - есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және қайталап қылмыс жасаудың алу.
Жиынға аудандық аурухананың бас дәрігері Д.Ахметжанов, аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Н.Каипов сондай-ақ ауданның бас имамы Р.Ескенбеков арнайы қатысты. Кездесу барысында аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Н.Каипов ел Үкіметінің 23.10.2014 жылғы №1131 қаулысына сәйкес, «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын» кеңінен айтып өтті.
Өз кезегінде жиынға қатынасушы жазасын өтеуші азаматтар толғандырған сан сауалын қойып, оларға нақты жауаптар берілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз