жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Басты міндет - тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына көмектесу

Басты міндет - тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына көмектесу
ашық дереккөзі
Басты міндет - тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына көмектесу

Жамбыл облысында «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2021 жылға барлығы 14,9 миллиард теңге бөлінген. 31 мамырдағы жағдайға сүйенетін болсақ, бойынша жұмыспен қамту шараларымен 23098 адам қамтылып, жоспар 57,5 пайызға орындалған.

Барлығы 345 жамбылдық 1404,3 миллион теңге көлемінде шағын несие алса, 2 810 жамбылдық 1 639,4 миллион теңге көлемінде грантқа ие болған.

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды. 

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков қайтарымсыз гранттар бойынша облыстық көрсеткіш 74,3 пайызды құрағанымен, Байзақ және Меркі аудандарында көрсеткіштің облыстық деңгейден төмен сатыда қалыптасқанын жеткізді.

Өз кезегінде өңір басшысы басты міндет – тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына көмектесу екенін баса айтты. Ал ол үшін бөлінген қаражатты, бірінші кезекте, гранттар мен шағын несиелер бойынша уақытылы және толық көлемде игеру қажет. Б. Машбекұлы жұмыстың әлі де жүйеленбегенін сынға алып,  аудан мен облыс орталығының әкімдеріне жоспарды орындау бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.  Сондай-ақ өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бірден бірнеше адамды жұмысқа алуына қол ұшын беру қажеттігін ескертті.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына қатысты да бірқатар ескертулер айтылды.

Тұрғындардың мемлекеттік қолдау шараларынан, олар бойынша қайда жүгіну керектігінен хабарсыз екенін тілге тиек етіп, халықпен кері байланыс орнату керек деді.

Бердібек Сапарбаев егер сұранысқа ие мамандарды оқытсақ, жұмыссыздық деңгейі төмендейтіндігін алға тартты.

Жұмыссыздықты қолдан жасамас үшін білім гранттарын таратпас бұрын, сұранысқа ие мамандықтардың тізімін дайындау қажет.  Қазір облыс бойынша бірден бірнеше жаңа зауыт салынып жатыр, қолданыстағы зауыттар кеңейтілуде. Аймақ басшысы білім басқармасына оларға қандай мамандар қажет екенін анықтау керектігін тапсырды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар