сенбі, 22 наурыз, 2025 0:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Байзақтағы білім бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты ақтау үкімінің күші жойылды

Байзақтағы білім бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты ақтау үкімінің күші жойылды
Фото - ашық дереккөз
Өйткені, үкімге қатысты Бас Прокурор кассациялық наразылық білдірген

Байзақтағы білім бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты ақтау үкімінің күші жойылды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

- 21.01.2025 жылы Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша бұрынғы Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Н.Нуралиев және «BSB Trade&Advertising» ЖШС директоры Б.Темиргалиге қатысты Тараз қаласы №2 сотының 26.03.2024 жылғы ақтау үкімінің күшін жойды,- делінген хабарламада.

Қылмыстық іс Жамбыл облыстық сотына жаңадан сот қарауына жолданған.

Айта кетейік, аталған тұлғалар пандемия кезінде Байзақ ауданындағы мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға арналған жабдықтарды сатып алу барысында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін айыпталған.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар