Жамбыл жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев газ, бензин, азық-түлік бағаларын тексерді
- авторjambylinfo.kz
- 12 қаңтар, 2022
- 571
Бердібек Сапарбаев газ, бензин, азық-түлік бағаларын тексерді
Аймақ басшысы алдымен Жамбыл даңғылы-Ниетқалиев көшелері қиылысындағы «Kazakh Oil» жанар-жағармай құю бекетінде болып, бензин, дизель отындарының бағасымен, бекеттің жұмысымен танысты. Бекет қалыпты режимде жұмыс істеуде. Мұнда бензин (92) –179, (95) –208, дизель –230 теңгеден сатылуда. Ал, қала бойынша газ – 60, аудандарда – 65 теңгеден өткерілуде. Облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша газ, бензин, дизель бағалары реттелгенін, оны негізсіз өсіруге жол берілмейтінін атап өтті. Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға ұзын-сонар кезектің туындамасы үшін жанар-жағармай құю бекеттерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды. Келесі кезекте аймақ басшысы «Smart» ірі сауда орталығына, әлеуметтік дүкенге барды. Штаттық режимде жұмыс істеп отырған дүкендерде азық-түлік қоры жеткілікті. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағалары да шекті деңгейден аспайды. - Осындай кезеңді пайдаланып бағаны көтеріп жіберетіндер де кездеседі. Біз ондайға жол бермеуге тиіспіз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын негізсіз көтерілуіне қатысты деректер анықталатын болса, онда қатаң шаралар қолданатын боламыз,-деді облыс әкімі. Бұдан соң Бердібек Сапарбаев «Жамбыл су» КМК, «ТаразЭнергоОрталық» АҚ жұмысымен, «Жамбыл Жарық Сауда – 2030» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Барлығы штаттық режимде жұмыс істеуде. Тұрғындардан шағым түспеген
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
ХҚКО штаттық режимде жұмыс істеуде
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025






