жексенбі, 22 маусым, 2025 13:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Білім және өндіріс нысандарында жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілді

Білім және өндіріс нысандарында жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілді
Төтенше жағдайлар департаменті
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Өрттің алдын алу, төтенше жағдай кезінде іс-қимылдарды пысықтау және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Тараз қаласы мен Меркі ауданында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тараз қаласындағы Arai-Elite жекеменшік мектеп-гимназиясында жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Жаттығу сценарийіне сәйкес, өрт оқу орнының екінші қабатындағы оқу кабинетінде шыққан. Дабыл қағылған сәттен бастап оқиға орнына шұғыл түрде 21 қызметкер мен 4 арнайы техника жіберілді.

Құтқару бөлімшелері алғашқы минуттарда барлау жұмыстарын жүргізіп, ғимарат ішіндегі адамдарды эвакуациялады. Шартты өрт ауыздықталып, зардап шеккендерге жедел көмек көрсетілді. Барлық іс-шаралар төтенше жағдайлар кезінде нақты іс-қимылдарды пысықтауға бағытталған және штаттық режимде өтті.

Оқу-жаттығудан кейін Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мектеп ұжымымен арнайы кездесу өткізіп, өрт қауіпсіздігі ережелері, эвакуация тәртібі және алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша нұсқама жүргізді. Сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдерге төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекеттер туралы мағлұмат берілді.

Меркі ауданында да қауіпсіздік шаралары назардан тыс қалмады. Меркі ауылы №9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы Ойтал ауылындағы «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Жаттығудың мақсаты – өндірістік нысандарда өрт туындаған жағдайда жедел әрекет ету қабілетін арттыру, эвакуациялық іс-қимылдарды үйлестіру және алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану бойынша дағдыларды жетілдіру болды.

Іс-шара барысында зауыт қызметкерлеріне өрттің шығу себептері, алғашқы сөндіру құралдарын пайдалану тәртібі, эвакуация жолдары мен қауіпсіздік техникасы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлер нақты жағдайға жақын сценарийде жаттығудан өтті.

"Мұндай оқу-жаттығулар Төтенше жағдайлар департаментінің күнтізбелік жоспарына сәйкес тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл шаралар мекемелердегі қауіпсіздік деңгейін арттырып қана қоймай, қызметкерлер мен оқушылардың төтенше жағдай кезінде сасқалақтамай, нақты әрі тиімді әрекет етуіне септігін тигізеді", — делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар