сенбі, 23 қараша, 2024 9:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бірлік пен татулық – біздің ортақ  мүддеміз

Бірлік пен татулық – біздің ортақ  мүддеміз
ашық дереккөзі
Бірлік пен татулық – біздің ортақ  мүддеміз
«Бірлік бар жерде – тірлік бар», - дейді қазақ халқы.  Дана жұрт мұны тегіннен тегін айтпаса керек. Бүгінде бақытты мекенімізге айналған  қазақ  елінде қалыптасқан ұлттар  тұтастығы мен халықтар достығының арқасында мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Ортақ  Отанымызға айналған Қазақстанның басты байлығы да көпұлтты халқының татулығы мен ынтымақтастығы, ұлтаралық  және конфессияаралық келісімі, өзара түсінісітігі мен сыйластығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат небір сұрапыл соғыстардан көз ашпады. Мұның барлығы бейбітшілік кенкен жерді берекесіздік  жайлайтындығын тайға таңба басқандай анық көрсетті. Қазақстандағы әр этнос өкілінің өмірлік өз тарихы бар. Талас ауданындағы Қасқабұлақ ауылында бақытты ғұмыр кешіп келе жатқан біздер - күрді  ұлты кеңпейілді қазақ жұртының бауырмалдығының арқасында өсіп-өніп отырмыз. Тұрғындар ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға негізделген мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көруде. Күрді этносының мемлекеттік құрылыс, елдің әлеуметтік-мәдени даму үрдісіне қатысу деңгейі аудан көлемінде тұрақты. Этносаралық  татулықты нығайтуда  ауыл ақсақалдары үнемі жастарға үлгі болып, бірлікті бағалауды үйретуден жалыққан емес. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ауылымызға арнайы жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен жүздесіп, емін-жарқын әңгімелісіп, әрбірімізді толғандырған мәселені тыңдады. Ауыл мектебінен қазақ сыныбын ашу жайында тың идея тастап, аталмыш идея аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың басшылығымен іске асты. Енді міне, облыс басшысының қолға алған «Бейбітшілік пен келісім» жобасының Жамбыл жерінде жүзеге асып жатқандығына куә болдық. Этностар арасында достықты бекемдеу, бейбітшілікті нығайту мақсатында қолға алынған пилоттық жоба  ауданымызда кең көлемде атқарылып, Қасқабұлақ ауылында да бірқатар кездесулер, мәдени шаралар өтті. Аталмыш   пилоттық жобаның тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу, ауылда бизнесті дамыту, діни мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағыттарына негізделген  шараларға  біздер, күрді этносының өкілдері атсалысып, бірлігімізді таныттық. Қазіргі таңда ауыл жастарының арасында жат қылыққа бой алдырған  ешкім жоқ, ақсақалдардың  тәлім-тәрбиесі арқасында олардың қазақ еліне, жеріне деген құрметі күн санап артып келеді десем қателеспеймін. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі де ауылда кезең-кезеңімен шешімін табуда. Әрбір ауыл тұрғынының ауласында жеке шаруашылығы бар. Мал шаруашылығы мен қоса құс шаруашылығымен де айналысатын  біздер кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін пайдаланып, жеке ісімізді дөңгелетіп отырған жайымыз бар. Міне, Талас ауданы Қасқабұлақ ауылындағы осындай игілікті істердің барлығы ең алдымен татулық пен келісімнің, бірліктің, мемлекеттің, аудан басшылығының  мол қолдауының арқасында жүзеге асуда. Бүгінгідей бақытты күніміз үшін біз қазақ халқына қарыздармыз. Екінші Отанымызға айналған қазақ жері - бақыттың бал мекені деп білемін. Мұны Қазақстанда тұрып жатқан әрбір ұлт пен ұлыс өкілі бағалау керек, бірлігімізді қастерлеу керек. Исмайл Усейнов, Қасқабұлақ ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Талас ауданы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар