Биыл облыста 161 млрд теңгеге 26 инвестициялық жоба іске асырылады
- авторМағжан Орынбасар
- 1 желтоқсан, 2025
- 281
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жыл басынан облыс экономикасына 553,6 млрд теңге инвестиция тартылғанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыс әкімінің сөзінше, оның 82%-ы жеке меншік қаражат есебінен қарастырылған. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі жеке инвестициялар үлесі бойынша облыс көшбасшы 5-тік қатарында.
- Өңірге тартылған инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша облыс республикада 3-ші орында. Облыста іске асырылуы 2029 жылға дейін қарастырылған 8,3 мың жұмыс орнын құруды көздейтін жалпы құны 4,1 трлн теңге құрайтын 62 жобадан тұратын инвестициялық портфель қалыптастырылды, оның 12-сі шетелдік инвесторлардың қатысуымен. Үстіміздегі жылдың соңына дейін 161 млрд теңгеге 1,1 мың жұмыс орны құрылатын 26 инвестициялық жоба іске асырылады, - деді аймақ басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қаңтар, 2026
Жамбылда аса ауыр қылмыс көрсеткіші 48,3 пайызға төмендеді
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қаңтар, 2026





