сенбі, 22 наурыз, 2025 0:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл "Әулиеата жастары" бағдарламасы бойынша қанша отбасы үйлі болады

Биыл "Әулиеата жастары" бағдарламасы бойынша қанша отбасы үйлі болады
Фото: GOV.KZ
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Биыл "Әулиеата жастары" бағдарламасы бойынша 150 жас маманды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, деп хабарлайды - Jambylinfo.kz 

Жамбыл облысында тұрғын үй құрылысы жедел қарқынмен жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында Тараз қаласында жаңа шағынаудандар бой көтеріп келеді. Өңірде өткен жылы 759 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді (жоспар 750 мың шаршы метр.

Сонымен қатар 3709 пәтерлі 78 үйдің құрылысы басталып, оның ішінде 1159 пәтерлі 26 үй пайдалануға берілді.

Облыста көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 23,2 млрд. теңгеге 1 671 пәтер сатып алынды. Нәтижесінде 1038 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның 926-сы әлеуметтік жағынан осал топтары санатындағы отбасылар.

2024 жылы тұрғын үй құрылысы мен пәтер сатып алуға бюджеттен 2 есе көп қаражат бөлінді. (2023 жылы – 23,2 млрд. теңге, 2024 жылы – 40,8 млрд. теңге).

Биыл 770 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру және халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы отбасыларға 361 пәтер сатып алу жоспарлануда.

Былтыр «Әулиеата жастары» бағдарламасы аясында 140 жас отбасын баспанамен қамтуға 1 млрд. теңге қаржы бөлінді. Биыл аталған жоба жалғасын тауып, 150-ге жуық жасты баспанамен қамту жоспарлануда.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар