....

....

бейсенбі, 22 ақпан, 2024 10:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Биыл Жамбыл облысында агросалада 498,6 миллиард теңгенің өнімі өндірілген

Биыл Жамбыл облысында агросалада 498,6 миллиард теңгенің өнімі өндірілген
ашық дереккөзі
Биыл Жамбыл облысында агросалада 498,6 миллиард теңгенің өнімі өндірілген
Ауылшаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай Тараз қаласындағы «Достық» алаңында салтанатты шара өтті деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Ел ырысын еселеу жолында мойнына алған міндеттерін абыроймен атқарып келе жатқан сала мамандарының кәсіби мерекесіне орай ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі де ұйымдастырылды.  width= Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев облыс экономикасының басты өрге сүйреуші күші болып саналатын ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды. – Ауылшаруашылығы – ел экономикасының дамуына серпін беріп отырған негізгі сала. Ел Президенті ауылшаруашылығы саласының дамуына барынша қолдау көрсетіп келеді. Биыл облыста агрокешенді дамытуға 81,0 миллиард теңге бөлініп, 10 мыңнан аса шаруаға қолдау көрсетілді. Нәтижесінде салада 498,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, ауылшаруашылығының негізгі капиталына 35,1 миллиард теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар 374,1 миллиард теңгені құрайтын 28 жоба іске қосылмақ. Биыл аймақта 57,3 мың гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілді. Су үнемдеу технологияларын пайдалану мақсатында мемлекет тарапынан ұңғыма қазғаны үшін 80 пайызға, инфрақұрылым жүргізген жағдайда 50 пайызға дейін қолдау көрсетіледі. Жалпы заманауи технологияларды енгізуге барлық жағдай жасалуда. Облыста жаңбырлатып суару технологияларын жинайтын сервистік орталық құрылуда. Сондай-ақ, су үнемдеу технологиясына арналған құрылғыларды шығаратын зауыт ашу жоспарлануда. Қызылша егу мемлекеттің үлкен қолдауына ие. Нақтырақ айтқанда, су үнемдеу технологиясын кеңінен қолдану және агрокешенді шараларды уақытылы атқару қант қызылшасының өнімділігін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. Одан бөлек, облыста тыңайтқыштардың жаңа түрі жасалуда. Шаруаларды сапалы репродукциялы тұқыммен қамту мақсатында ғалымдардың жетекшілігімен 12 түрлі күздік бидай дақылы егіс алқабына себіліп, сынау тәжірибесі жүргізілуде. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 200 миллион теңге бөлінді. Жалпы ғылыми жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылға облысты 100 пайыз жоғары сапалы тұқыммен қамту көзделуде. Бүгінде облыстың ветеринария жүйесін реформалау бойынша нақты шаралар қабылдануда. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес. Бұл салада жүйелі жұмыс атқарылуға тиіс". Сондай-ақ, Ербол Шырақпайұлы ауылшаруашылығы еңбеккерлеріне табанды еңбегі үшін алғысын білдіре отырып, бірқатар азаматтарды ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерімен, облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар биыл мал және егін шаруашылығында және қайта өңдеу саласында толағай табысқа жеткен ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді марапаттап, сый-құрмет көрсетті. Марапаттау рәсімінде жұмысшы мамандар да назардан тыс қалмады. Атап өтер болсақ, «Озат механизатор», «Озат сауыншы, «Озат шопан» номинациялары табысталды.  width= Салтанатты шарада облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев сөз сөйлеп, ізгі тілегін жеткізді. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Ал жәрмеңкеде жалпы құны 55,2 миллион теңгені құрайтын 86,3 тонна ауылшаруашылығы тауары ұсынылды. Өнімдер нарық бағасынан төмен бағада өткерілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар