Биыл Жамбылда Президент тапсырмасына сәйкес 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды
- авторjambylinfo.kz
- 18 қыркүйек, 2024
- 465
Биыл Жамбыл облысында Президент тапсырмасы бойынша 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биыл аймақта әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге көп қаржы бөлінген. Соған сай, нәтижесі де жаман емес. Мәселен, ағымдағы жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» тапсырмасы бойынша 6 мыңға жуық жұмыс орны құрылған. Жоспарға сай, әлі 8 мыңдайын ашу көзделген.
- Облыс халқының саны 1 млн 223,5 мың адамды құрайды, оның ішінде еңбекке қабілетті халық – 571,7 мың адам. Жұмыспен қамтылған халық саны 544,5 мың адам, оның ішінде жалдамалы жұмысшылар – 362,6 мың адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 181,9 мың адам. Жұмыссыздар саны 27,2 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 4,8%. 2023 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 54156 адамды тарту жоспарланса, барлығы 66202 адам (122,2%) тартылды. 2023 жылы Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 67 968 жұмыс орны жоспарымен 81 697 жұмыс орны құрылып, 120 пайызды құрады,- деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
Еркін Келесовтың сөзінше, биылғы жылы «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 67 357 жұмыс орнына жоспар бекітілген. Оның 50 199-ы тұрақты жұмыс орны. Нәтижесінде есепті кезеңде барлығы 38961 жұмыс орны құрылып, 23527 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған. Осылацша жоспар 60,4 пайызға орындалған.
- 2024 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына барлығы 60 672 адамды тарту жоспарлануда, 1 тамызға іс-шараларға барлығы 39371 адам, 64,9% тартылды. 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 55 423 адамды қамту жоспарланып, оларға барлығы 4,8 млрд.теңге қаржы қарастырылған. Ағымдағы жылдың 1 тамызына атаулы әлеуметтік көмек 5 378 отбасына яғни, 28 044 адам 1 744,7 млн теңге тағайындалып, 5 247 отбасына яғни, 27 699 адам 1 584,7 млн. теңге төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмек алушылар саны 1 790 отбасына немесе 9 220 адамға азайды,- деді маман.
Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмекпен 55 423 облыс тұрғынын қамту жоспарланып, оларға барлығы 4,8 млрд теңге қаржы қарастырылған.
- Ағымдағы жылдың 1 тамызына атаулы әлеуметтік көмек 5378 отбасындағы 28818 адамға 1744,7 млн. теңге тағайындалып, 5247 отбасындағы 28085 адамға 1 584,7 млн. теңге төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмек алушылар саны 1790 отбасына немесе 9220 адамға азайды. Барлығы 3924 отбасымен әлеуметтік келісім-шарт жасалынған. Жалпы еңбекке қабілетті 6614 адам, оның ішінде: ресми жұмыссыздар - 275; жүгіну кезінде жұмысы барлар - 3815; бала, 1,2 топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, қарттардың күтімінде отырғандар – 2524 адам,- деді Еркін Келесов.
Басқарма басшысының айтуынша, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 1 325 адам тартылып отыр, Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 900 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 259 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 100, қайта даярлау 33 адам, жастар практикасына 10 адам, кәсіпкерлік бастамаларды ілгерілетуге 23 адам болып отыр.
- Еңбекке қабілетті Атаулы әлеуметтік көмек, яғни, шартты ақшалай көмек алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы жылдық жоспар 83,0% болса, орындалуы 77,7 % құрап отыр. АӘК алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда ай сайынғы қосымша төлемге 980,7 млн.теңге қаржы қарастырылып, 15786 баланы қамту жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 тамызына АӘК алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 9041 балаға 258,2 млн.теңге тағайындалып, 8713 балаға 233,6 млн. теңге төленді. Бүгінге облыс көлемінде 45 651 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде 1-ші топтағы – 4564 адам, 2-ші топ - 16593, 3-ші топ - 17642 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны – 6852 адам бар,- деді басқарма басшысы.
Өткенге көз жүгіртсек, былтыр әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларының орындалуы 97,9%-ды құраған еді. Осылайша жалпы порталда 27089 өтініш тіркеліп, 26512 өтініш қанағаттандырылған.
- 2024 жылы мүгедектігі бар адамдардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларына сурдо-тифло құралдар, яғни, санаторлық-курорттық және протез-ортопедиялық бұйымдар, кресло-арбаларға бюджеттен 4,3 млрд.теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметтерге, яғни, жеке көмекші қызметі, ымдау тілі маманы, үйде көмек және гигиеналық құралдар бойынша 2,2 млрд.теңге бөлінді. 7 айда әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 82,7%-ды құрап отыр. Яғни, порталға тіркелген 21249 өтініштің, 17566-і қанағаттандырылды. 2023 жылы басқармаға қарасты 21 медициналық-әлеуметтік мекемелерде 2098 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. 2024 жылы - 1 928 адам,- деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов.
Айта өтерлігі, биыл қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 461,5 млрд теңге төленген.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 408,1 млрд теңге жұмсалған. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 53,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды
2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 541,2 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 185,7 мың адамды құрайды. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.
Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Мәселен, 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 97,5 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 64,7 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.
Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.
Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 7% - ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-тен төленетін төлемдердің мөлшері де 7% - ға артты.
Мысалы, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін – 95 496 теңгені, 2-топ үшін – 76 397 теңгені, 3-топ үшін 52 089 теңгені құрайды.
2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 58 257 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 61 939 теңгені құрайды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Облыста 16 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Жамбылда 577,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024